Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық тақырыпқа жазылған шығармаларға жарияланған байқау өткізу туралы ЕРЕЖЕ - 30 Августа 2012 - ОО "ЕрАзамат"
Вторник, 24.01.2017, 12:02
ОО "ЕрАзамат"
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Разделы новостей
Наши новости [108]
Новости организации и информация о проводимых мероприятиях
Советы юриста [86]
Новости мира [66]
Новости НПО [82]
Мероприятия, проводимые партнерами
Новости Казахстана [529]
Новости международных организаций [49]
Новости государственных органов [60]
Новости СНГ [24]
Главная » 2012 » Август » 30 » Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық тақырыпқа жазылған шығармаларға жарияланған байқау өткізу туралы ЕРЕЖЕ
Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық тақырыпқа жазылған шығармаларға жарияланған байқау өткізу туралы ЕРЕЖЕ
14:57
Жалпы ережелер
  1. Алматы қаласының оқушылары арасындағы шығармалар байқауы 2012 жылдың қыркүйек айының 1-нен 30- на дейінгі аралықта өткізіледі.
  2. Материалдарды қабылдау мерзімі  –   2012 жылдың 1 қазанына дейін.
  3. Бәйгенің қорытындылары 2012 жылдың қараша айында шығарылады.
  4. Байқауды ұйымдастырып, өткізуді Алматы қаласы сыртқы саясат басқармасының бұйрығы бойынша  Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Интеллектуалды еңбек әйелдер одағы» жүзеге асырады.
Әділқазылар алқасы
  1. Әділқазылар алқасының құрамына белгілі журналистер мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, қоғам қайраткерлері  қатысады.
  2. 2012 жылдың қараша айында әділқазылар алқасының отырысында ең үздік жұмыстар іріктеледі.
Негізгі қағидалар
  1. Мектеп оқушыларының шығармалары байқаудың мақсаты мен міндеттеріне жауап беруі тиіс, нақты: қазақстандық әскердің тарихы мен өмірін үлгі тұта отырып, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, оларды Қазақстанның отансүйгіштік және рухани адамгершілік құндылықтарына, қазақ халқы мен қазақстандықтардың әскери дәстүрлері, әдет-ғұрпы, тарихы мен мәдениетіне бейімдеу.
  2. Байқауға  жіберілген жұмыстар мектеп шығармалары мен байқауға ұсынылған тақырыптарға сәйкес келіп, алға қойылған барлық талаптарға жауап беруі тиіс.
Марапаттаулар
         Әділқазылар алқасы қазақ және орыс тілдеріндегі үздік шығармаларды анықтайды. Жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.

Есеп беру

  1. Әділқазылар алқасы хат алыспайды, пікір бермейді және педагогтарға, үкіметтік емес ұйымдарға, журналистерге, бұқаралық ақпарат құралдарына байқауға ұсынылған материалдар туралы есеп бермейді.
  2. Байқауға ұсынылған материалдар  кері қайтарылмайды.
  3. Байқаудың қорытындылары бойынша 2012 жылдың қараша-желтоқсан айларында баспасөз мәслихаты өткізіліп, жеңімпаздарға үздік шығарма тақырыптары бойынша сертификаттар табыс етіледі.
       Байқауға ұсынылған материалдарды одан әрі пайдалану құқығы «Интеллектуалды еңбек әйелдер одағы» қоғамдық ұйымына тиесілі.

 Мектеп оқушылары шығармаларына қойылатын талаптар
  1. Шығармалар электронды нұсқада теріліп, профессор Ахметова Ләйла Сейсембекқызына жіберілуі қажет: laila_akhmetova@mail.ru   
  2. Байқауға Алматы қалалық мектеп оқушыларының ғана шығармалары қабылданады.
  3. Шығармалар келесі стандарттарға сәйкес жазылуы тиіс:
  • Оңжақта оқушының толық аты-жөні, үтірден кейін сыныбы, мектебі/лицейі көрсетіледі
  • Егер оқушының қолдаушысы  (мұғалімі), жетекшісі (кеңес берушісі) болса, осы анықтамалардан кейін олардың аты-жөндері жазылады.

     Веб-сайт: www. http://intellwomen.ucoz.kz,   http://gender-strategy.ucoz.com/,  
     http://akno.kz/, http://unesco-kaznu.ucoz.kz/


Категория: Наши новости | Просмотров: 586 | Добавил: erazamat | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 1
1  
If only there were more clever poeple like you!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Календарь новостей
«  Август 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Copyright MyCorp © 2017Сайт создан в системе uCoz